
Англия Премьер-лигасында Бернли және Манчестер Сити кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 01:00.
АПЛ алғашқы турын Чемпионшиптан оралған Бернли мен өткен жылдың чемпионы Манчестер Сити бастайды.
Жалпы алғашқы тур матчтарында фавориттерге қоюға қорқамын. Сюрприздар көп болады. Иә, Мансити тек бүгінгі матчтың емес, жалпы чемпионаттың да бас фавориті. Бүгін жеңуі әбден мүмкін. Бірақ, тым төмен кэф беріліп отыр. 2 голмен жеңед дейін десең, алаң иелері алғашқы матчында барынша беріліп ойнайды.
Компани жаттықтыратын Бернли былтыр Чемпионшипта ең көп гол соққан команда. 46 матчта 87 гол соққан. Яғни, гол соғумен пәлендей мәселесі жоқ. Биыл жоғарыда болмаса да, ортада жүретін команда болатын сияқты. Осылайша алаң иелерінің де голына сенген дұрыс, ал Сити өзінің голдарын әлбетте салады.
Өткен жылғы статистикаларын қарасақ, екеуі де матч басына 5-тен көп бұрыштама тебеді екен. Бүгін де көп болуы мүмкін.