
УЕФА Чемпиондар лигасы 3-ші квалификациялық айналымы бірінші матчында Ракув және Арис кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 00:00.
Екеуі өткен турдың жарқын командалары. Қайраттың бұрынғы бапкері Шпилевский басқаратын Арис БАТЭге 2 матчта 11 гол соққан еді, ал Ракув Карабахқа 2 матчта 5 гол соқты.
Шабуылында мәселесі жоқ, ашық ойнайтын командалардың алғашқы кездесуінде тағы да голдар көп болуы мүмкін.
Меніңше бұл жұптың фавориті – Арис. Тәжірибелі ойыншылары көп, жаңа трансферлері жақсы нәтиже көрстеіп жатыр. Ракув бүгін алаң иесі ретінде фаворит болар? Иә, өз алаңында оларды жеңу қиын. Бірақ, Карабах олардың қорғанысында мәселелер бар екенін көрсетті. Демек, бүгін ондай мүмкіндіктерді Арис пайдаланып кете алады. Қонақтар кем дегенде бір гол соғады. Ракувтың да голына сенеміз.
Букмекерлер тотал жоғарыға үлкен кэф беріп, қорқытып отыр. Бірақ, бұл матчта голдар болады. Екеуінен де күтеміз.