
Қазақстан Премьер Лигасында Тобыл мен Қайсар кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 19:00.
Қос командының да шабуыл шебі мықты дей алмаймыз. Әр матчта 1 голдан ғана соғып келеді. Қорғаныстары да сондай, көп гол жібермейтін командалар.
Ең көп гол соққандар Тобылда Дебле 5 гол, Қайсарда Бородин мен Приндета 4 голдан.
Командалардың формасына қарасақ, Тобыл Ордабасыдан кейін жақсы формадағы команда. Соңғы 5 матчтың төртеуін жеңді.
Бүгін де қостанайлықтар өздеріне үйреншікті 1-0 есебімен жеңетін сияқты. Матчта көп гол болмайды.