
Конференциялар Лигасы 2-ші квалификациялық раунды қарымта матчында Тобыл және Базель кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 20:00.
Букмекерлер Базель кездейсоқ жеңіліп қалды деп, бүгінгі матчқа да фаворит қылып отыр. Тобыл иә, 1 голмен жеңілуіне де болады. Бірақ, Базельдің бұрынғыдай күшті емес екенін жазған едік. Өткен ойында 2 негізгі ойыншысы да алаңнан қуылды.
Тобыл биыл өз алаңында тек Астана мен Қайраттан ғана жеңілді. Қонақ командаларға Қостанайда тіпті гол соғу қиын. Тобыл жалпы өзі гол соғып, кейін ойынды құрғата алатын команда. Бүгін Базель ойын басынан шабуылдайды, қорғаныстарында ашық болады, Тобыл оны пайдаланып кете алады.
Тобыл жеңілмейтініне сенуге болады.