Футбол
Қайсар – Қайрат матчына болжам 29.07.2023

Қазақстан Премьер Лигасында Қайсар және Қайрат кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 21:00.
Қайсардың өз алаңындағы статистикасы қызық: 8 матчтың бесеуін жеңілген. Соңғы 3 матчында жеңілді, тіпті гол да соқпапты.
Қайрат сырт алаңда жақсы, тек 2 рет жеңілді. Барлық матчтарда гол соққан. Бүгін де соғады әрине.
Қайсар енді тағы жеңілсе, тағы бапкер ауыстыра ма? Бүгінгі матч өте маңызды олар үшін. Бәлкім күшті қарсыласын жеңе алмас, бірақ гол соғуға тырысады. Қонақтар онсыз да кезекші голдарын соғады деген оймен екеуінің де голына сенуге болады.