
UEFA Конференциялар Лигасы. 2-ші квалификациялық раунды бірінші матчында Базель және Тобыл кездеседі. Ойынның басталуы Астана уақытымен 23:30.
Матчтың фавориті әрине Базель. Кезінде Чемпиондар Лигасында ойнап жүрген бұл команданың жағдайы нашарлап қалып, енді Конференцияда жүр.
Тобыл егер қарсыластан қорықпай, өз ойынын ойнайтын болса, бұл турдан өте алады. Тобылдың нашар жері – шабуыл шебі. Ал қорғанысы жақсы.
Швейцарияда чемпионат енді ғана басталды, Базельге қарағанда Тобылдың формасы жақсырақ деуге болады. Базель былтыр орташа есеппен 2 гол соққан, бірақ өз қақпасына да гол жиі жіберген. 3 гол соққан ойындары өте аз. Тобыл қорғанысы бүгін шыдайды деген ойдамын. Базель үшеу соға алмайды.