
Бүгін Астана уақытымен сағат 19:00-де Wimbledon чемпионатының финалында Алькарас (1) пен Джокович (2) кездеседі.
Ағымдағы маусымда Карлос корттың барлық түрінде жеңісті тойлады (барлығы 5 жүлде). Ал Лондонда, испандық барлық көрсеткіштер бойынша шамадан тыс ысырапқа жол бермей, алты ойында тек екі сетте жеңіліс тапты (6 брейк жіберіп, 138 қажетсіз қате). Жартылай финалда ол Медведевке қарсы өте керемет ойнап, сервис кезегінде де мықты ойнай алатының көрсетті: бірінші сервис ұпайларының 71%-ны орындап, 4 эйс және 3 добл фолт жасады.
Новак болса, ол биыл екі Мастерсте жеңіске жетіп, ойындағы тәртібі жағынан баршамызды қайта таң қалдырды (тай-брейктердің 100%, яғни 15/15 өз пайдасына аяқтады). Ал жалпы алғанда, өз мансабының соңында жақындаған спортшыларда мұндай тамаша нәтижелер жиі кездеспейді. Бұған қоса, спортшының әрбір матчтағы көрсеткіштері өте тамаша (турнирде 242 виннер ұпайы және берілген тек 2 брейк).
Алдымызда өте фантастикалық деңгейді матч бар. Джокович әрине, өз сервисінде мықты және шөп корттың негізгі маманы. Дегенмен, мен Алькарастың матчтың маңызды кезеңдерінде шыңына жететініне сенемін. Испандық сервисінде Медведевке қарсы ойнағандағыдай ойнаса және нетке жақын ойнай алса, ол жеңіске жете алады. Себебі, Джоковичтің Хуркачмен болған матчында, полшалықтың сервисі мықты болғанымен, нетке көп жақындаған болатын (нет ұпайларының 73%, яғни 43/59). Дәл осы әдісті, жылдамдығы мен реакциясы мықты және нетке қарай ойнауды жақсы көретін #1 ойыншының қолданғаның ойласаңызшы.