
Қазақстан Премьер Лигасында Шахтер және Ақтөбе кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 19:00.
Шахтер өз алаңында тек 2 рет жеңілді, жалпы Қарағандыда аз гол соғып, аз гол жіберетін команда. Ақтөбе сырт алаңда тек Қайраттан ғана жеңілді.
Ақтөбеде өткен матчты Ақтөбе 2-0 жеңген болатын. Матч фавориты Ақтөбе болғанымен, бұл ойын оңай болмайды. Жалпы Ақтөбеде әлі ойын жоқ, голдар тек кей футболшылардың жеке қабілеттерінің арқасында немесе қарсыластардың қателіктерінен келіп жүр. Өзіндік командалық стиль, ойын құра алмады Карпович.
Бүгін жабық ойын күтемін. Бірінші болып соққан команда ұтады. Гол аз болады.