Футбол

Фарул Константа – Шериф матчына болжам 12.07.2023

УЕФА Чемпиондар Лигасы 1-ші квалификациялық раундында Фарул Константа және Шериф командалары кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 23:30.

Тілдері де, ділдері бір румын мен молдован командалары бір біріне түсіп қалыпты. Шериф жылда Еуропада жүрген тәжірибелі команда. Ал Фарул бірінші рет чемпион атанды.

Соңғы матчтарына қарасақ, Фарулдың жағдайы мәз емес. Жиі гол жіберіп жүр, бүгін Шерфитен де жіберуі әбден мүмкін. Ал шабуылында Алибек сияқты мықты ойыншылары бар. Георге Хаджи жаттықтыратын команда өз алаңындағы мұндай үлкен матчта жеңілмейді деп ойлаймын. Екеуі кем дегенде бір бір голмен ауысады. Бар мәселе келесі матчта шешіледі.

Болжам
Екеуі де соғады: иә - 2.29

Басқа болжамдар

Back to top button