
УЕФА Чемпиондар Лигасы 1-ші квалификациялық раундында Астана және Динамо Тбилиси командалары кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 20:00.
Астана жүріп жатқан чемпионаттың арқасында формада, ал Грузияда чемпионат енді басталады. Динамо Тбилиси жақында Суперкубокта ойнады. Одан басқа ойын формасы жоқ әлі.
Астананың жеңісін болжауға болар еді, бірақ қорғанысы сенім бермейді. Жиі гол жібереді, Грузия чемпионы сондай әлсіздікті қолданып кетуі мүмкін.
Жалпы жабық ойын күтемін, барынша қате жасамауға тырысатын сияқты екі жақ та. Сондықтан бұрыштамалар көп болады деген ойдамын. Екеуінің де бұл жағынан статистикасы жақсы. Қанаттардан келетін шабуылдар, гол болмаса да қақпаға соққылар корнер әкелуі әбден мүмкін.