
Бүгін Астана уақытымен сағат 19:45-те Wimbledon чемпионатының ширек финалында Алькарас (1) мен Руне (6) кездеседі.
Соңғы уақытқа дейін көпшілік Карлостың шөптегі болашағына күмәнмен қарайтын болатын. Бірақ әлемдік рейтингтің көшбасшысы болу дегеніміз, сіз қайда барсаңыз да барынша тиімді болуыңыз керек дегенді білдіреді. Испандық маусым айында Лондонда өткен жарыста жеңіске жетті. Кезекті жеңіске жету жолында спортшы жиынтықты тек Николас Гарри мен Маттео Берреттиниге берді, тек қабылдауда ғана біраз мәселелерді бастан кешірді (18/58 брейк-пойнт).
Холгер осы маусымда көптеген шыңдарды бағындыра алды (Париждегі және Стокгольмдағы кубоктар). Сондай-ақ Лондонда бірнеще шөп маманына қарсы тапқан жеңістері (Кересси М және Димитров) оған қосымша мотивация беретіні анық, тек Даниялықтың басты мәселесі оның жиі жүйкеленуі және осы оның әрбір ойын көрсеткіші бойынша уақыт өткен сайын құлдырауына әкеледі (9 брейк, 27 добл фолт және 151 қажетсіз қате).
Алдағы матчта айқын фаворит ол Карлос Алькарас. Иснапдық барлық жағынан Рунеға қарағанда әсерлі көрінеді және бұған қоса, біз Алькарастың өз араларындағы есепте алға шыққысы келетініне сенімдіміз.