
Бүгін Астана уақытымен сағат 18:30-да Wimbledon чемпионатының 1/8 финалында Рублев (7) пен Бублик (26) кездеседі.
Бублик бірінші рет осындай қалжынсыз және тәртіпті ұстаныммен Гранд Слэмде ойнап жатыр. Бұл таңқаларлық нәрсе, өйткені ол әдетте психикалық тұрғыдан шыдамды емес ойыншы болатын. Лондонда ол, тек Мақдоналдқа бір сетте жеңіліп, қалған матчтарында басымдылықты жіберген жоқ. Ол сервисте мықты болғанымен бірге слайстары арқылы біраз ұпайлар жинады. Сондай-ақ әрбір матчта, нетке жақын ойындардағы ұпайлардың %75-ны женіп алды.
Ал Рублевке келетін болсақ, Ресей өкілі жуырда Галледе Бубликтен жеңіліс тауып, жүлдеге жете алмаған болатын. Лондонда ресейлік Аслан Карацев пен Дэвид Гоффенге есе жіберіп, Макс Пурселлге еш мүмкіндік қалдырған жоқ. БІрақ, спортшы өзінің сервисін тұрақтандыруы керек (чемпионатта 7 брейк).
Біздің ойынмызша алдағы матчта сабырлық сақтағанмен, нетке қарай көп жүгіретін ойыншы жеңіске жетеді. Ал осы тұрғыда, Қазақстан өкілі алға шығып жатыр.