Мадагаскар (U19) – Мажарстан (U19) ойынына болжам 01.07.2023

Бүгін Астана уаықытымен сағат 21:00-де U19 баскетболдан әлем кубогында Мадагаскар пен (Венгрия) Мажарстан кездеседі.
Бүгін кешке қағаз жүзінде турнирдің екі тең және екі әлсіз командасының күресін тамашалайтын боламыз.
Мадагаскардың бұл турнирге қатысуы баршамызды таң қалдырды… Олар топтан шыққаннан кейін іріктеу матчында мықты Францияға қарсы өнер көрсете алмай, 119-59 есебімен жеңілді. Одан кейін Оңтүстік Кореяға қарсы шабуылда сәтсіздікке ұшырап, 60-72 есебімен ұтылды.
Турнир қожайыны Мажарстан соңғы демде топтағы құрдастарының бірі Оңтүстік Кореяны толық 26 ұпаймен (59-85) және күшті Аргентинаны 1 ұпаймен (67-66) ұтып, маңызды табысқа қол жеткізді. Алайда, іріктеу сынында тағы бір тең келер қарсыласы Жапонияға қарсы тұра алмай, 63-53 есебімен жеңіліп қалды. Содан кейін, классификацияның бірінші матчында Қытайға қарсы 76-66 есебімен жеңілді.
Ал, Мажарстанның жақсы команда екенін анық айту керек, менің ойымша, олар матчтың фавориттері. Сондықтан, олардың форамен жеңісіне бәс тіккен қисынды болып көрінеді.