Баскетбол

Венгрия – Чехия ойынына болжам 22.06.2023

Бүгін Астана уаықытымен сағат 16:15-де әйелдер арасындағы 2023 жылғы Евробаскет плей-офф кезеңінде Венгрия ұлттық құрамасымен Чехия ұлттық құрамасы кездеседі.

Венгрия ағымдағы турнир басталмай тұрып-ақ тамаша өнер көрсеткен болатын. Олар барлық дерлік жолдастық кездесулерде күшті қарсыластарды жеңіп шықты. Сондықтан өз тобында олар фаворит саналып, лайықты бірінші орынды иеленді. Дегенмен, екінші айналымда Венгрия құрамасы плей-офф кезеңіне өте алмаған Түркиядан күтпеген жеңіліс тапты (68-69). Ал, кейін олар соңғы турда Сербияға басым келді.

Чехия турнирде бір ғана жеңіліске ұшырады, бірақ ол өте ауыр жеңіліс болды: олар Бельгиядан 40 ұпай айырмашылықпен ұтылды. Алайда бұл Чехияның плей-офф кезеңіне екінші орынмен өтуіне кедергі болған жоқ. Грекияға қарсы финалда біркелкі жекпе-жекке шығып, соңында қарсыластарының лақтырудағы дәлдігі аз болғандықтан олар жеңіске жете алды – 79:76.

Венгрия Чехиядан күшті, бірақ оларға тұрақтылық жетіспейтіні анық. Биылғы турнирдің топтық кезеңі де соны көрсетті. Дегенмен, плей-офф кезеңінде оларда шоғырлану мәселесі болмауы керек деп ойлаймыз.

Болжамымыз Венгрия форамен жеңіске жетеді.

 

Болжам
-5,5 форамен Ж1 - 1.47

Басқа болжамдар

Back to top button