
Еуропа Чемпионаты іріктеуінде Түркия және Уэльс құрамалары кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 00:45.
Бұл топтың негізгі фавориті – Хорватия. Яғни екінші жолдама үшін Түркия мен бүгінгі қарсыласы Уэльс таласады.
Түркия өткен ойында Латвияны әзер жеңді, ал Уэльс өз алаңында армениядан 4-2 жеңілді. Бұны кішігірім сенсация деп жатты. Бірақ, Бэйл кеткелі Уэльс әлсіреді. Бұрынғыдай мықты құрама емес.
Түріктер қарсыласы қазіргідей әлсіз болып тұрғанда, өз алаңында бұл маңызды матчты жеңуі керек. Дженк Тосун, Энес Үнал сияқты шабуылшыларының жарақаты жалғасуда, бірақ орта шепте мықты ойыншылары бар. бүгін матч сол ортада шешіледі. Ал ол жерді түріктер өз бақылауында ұстайды деп ойлаймын.
1-0 болса да Түркия алып шығады.