
Еуропа Чемпионаты іріктеуінде Солтүстік Ирландия және Қазақстан құрамалары кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 00:45.
Біздің топта 4 команданың 6 ұпайы бар. Солтүстік Ирландияда 3 ұпай.
Солтүстік Ирландияны фаворит деуге бола ма? Бұрын солай деуге болар еді. Бірақ, Қазақстанның қазіргі формасы жақсы. Чемпионат та жүріп тұр. Осындай кезде қорықпай ойнау керек.
Біздің жігіттер қарсыластан қорықпай, өз ойындарын ойнаса, бұл матчтан ұпай ала алады. Алаң иелері ойынның басынан шабуылдайды. Біздікілер соған шыдап, төтеп берсе, ойынды алып шыға алады.
Жалпы гол аз ойын күтемін. Қазақстан 2 голмен жеңілмейді деген бәс идеал деп ойлаймын.