Футбол
Литва — Болгария матчына болжам 17.06.2023

Еуропа Чемпионаты іріктеуінде Литва және Болгария құрамалары кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 19:00.
Топтың аутсайдері болып тұрған Болгария бүгін Литваны жеңгісі келеді. Литва әзірше тек 1 ойын өткізіп, Сербиядан 2-0 жеңілді. Болгария бұл топтағы негізгі қарсыластары Венгрия мен Черногориядан жеңілді.
Болгария фаворит болғанымен бүгін де жеңуі қиындау. Литва өзімен шамалас командалармен өз алаңында ойнай алады. Болгария кезінде мықты болғанымен, қазір футболдарында тоқырау. Әлем Чемпионаты іріктеуінде Литва өз алаңында 3-1 жеңген болатын. Бүгін жағдайы нашар қарсыласын мұндай жағдайда кездестірген кезде өз алаңында кем дегенде жеңілмейді.