Футбол
Тренд

Манчестер Сити – Интер Милан матчына болжам 10.06.2023

Чемпиондар Лигасы Финалында бүгін Истанбул қаласында Манчестер Сити және Интер Милан кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 01:00.

Бұл матчқа спорт комментаторлары және блогерлердің болжамын ұсынамыз.

Ермұхамед Мәулен:

«Манчестер Сити» – «Интер»
Чемпиондар лигасының финалында неше түрлі қызық болады.
Биылғы чемпиондар лигасында әрбір 30 минут сайын кем дегенде 1 гол салынады екен. Демек, финалда кем дегенде 3 гол болуы тиіс қой? Финалға шыққан «Манчестер Сити» биылғы жарыста 31 гол салды!Ал «Интер» болса 179 мәрте қарсыластан допты тартып алған. «Интер» 8 матчта гол жібермеген әрі оның қақпашысы 45 сейв жасапты. Бұл Чемпиондар лигасындағы ең үздік көрсеткіштер.
Чемпиондар лигасының сұрмергені Эрлинг Холландта дәл қазір 12 гол болса, оның әріптесі Кевин Де Брейнеде 7 асисст бар. «Ситидің» шабуылы мықты болса, «Интер» қорғанысымен мақтанады. Осыдан-ақ финалда кім шабуылдайтынын ескере беріңіз.
2005 жылы «Ливерпуль» мен «Милан» арасындағы ғаламат финал болған «Ататүрк» стадионын тағы бір спектакльді назарымызға ұсынады. Бұл жолы да санамызды сілкінтіп жіберетін сенсация болуы әбден ықтимал. Сондықтан да мен бұл матчта пенальти болады деп ойлаймын. Ubet кеңсесі матчта пенальти тіркеледі дегенге 2,6 коэфицент беріп отыр.

Олжас Байбосын:

Чемпиондар лигасы финалында Манчестер Ситидің фаворит екені анық. Құрамында әр позицияда бір деңгейде ойнай алатын екі футболшысы бар команда фаворит болуы тиіс. Адриано, Баджо, Джоркаеф сынды футболшылар ойнап жүрген кезде Интердің ойынынын көрген мен үшін бұл ойында Интер фаворит.
Интер минималды есеппен жеңіске жетеді немесе пенальтилар сериясында.

Рымбек Ізғали:

Чемпиондар лигасының финалы. Бұл турнирдің жеңімпазы ретінде жұрт алдын ала МанСитиді танып қойыпты. Бірақ дәл осы турнирдің финалында таңғажайып оқиғалар көп болып жатады. Мүмкін Чемпиондар лигасы сонымен де қызық шығар.
Менің қайда бағыт алғаным түсінікті ғой жалпы, тұспалдамай, ашық айтайын. Фаворитім – Интер.
Иә, Сити анық фаворит. Бірақ, қашан соңғы рет финалда күткен команда жеңіп еді? Былтыр ғана Ливерпуль Реалдың қақпасына 23 соққы жасап, өз қақпасына жасалған бір-ақ түйір соққыдан таяқ жеді емес па? Жалпы тарихты ақтара берсең, мысал көп. Челсидің Мюнхендегі Баварияны жеңгені, Челсидің МанСитиді жеңгені. Тіпті Киветегі Салах сынғанға дейінгі Ливерпульдің Реалды «жеп» жатқаны есіңізде шығар.
Әрине, Интердің дәл қазіргі Ситиді өтіп, жеңімпаз болады дегеніне қатты сенбеймін де, бірақ Манчестерден келген жігіттерге оңай болмайтыны анық.
Интер ұтылып жатса да қорғанысқа ойнайтын болады. Өйткені финалда ірі есеппен ұтылу үлкен ұят.
Интер Милан (1.5) – 1.66

Аршат Ораз:

Финалда фаворит болмайды. Шанстары 50/50 деп есептеймін. Иә, Интер қорғаныспен ойнайтын болар? Бірақ, олар шабуылға шықпайды деген сөз емес. Керісінше бірінші болып есеп ашуға тырысады деп ойлаймын. Егер қорғаныста жатып алатын болса Сити аямайды.

Сити өз стилінде бірінші таймда есеп ашуға тырысады, кейін оны еселеуге және есепті ұстап тұруға ойнайды. Интердің контршабуылдары қауіпті болады және соңына дейін допқа таласып ойнайды.

Гол соғуға екі жақтың да мүмкіндіктері болады. Қайсысы көбірек соғатынын айту қиын. Бірақ, екеуі де соғады деп бәс тігу дұрысырақ.

Басқа болжамдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button