Киберспорт

Counter-Strike. BLAST Premier матчтарына болжам 08.06.2023

Киберспорт әлемі сан түрлі ойындарға ие. Соның ішінде ең аудиториясы кеңіректерінің қатарында – Counter-Strike: Global Offensive ойыны. Айтпақшы, бұл ойын түрі кәсіби деңгейде өзінің соңғы жылын өткізіп жатыр. Келесі жаңаруы дисциплинаны Counter-Strike 2 деген түрге өткізеді.

Жалпы, киберспорттың бұл түрінде тек әлемнің топ-15, топ-20-лығына кіретін командалардың ойынына бәс тігу нәпақа беруі мүмкін. Одан төмен деңгейге жоламаған жөн.

Топ-турнирлер құдайдың құтты күні өтіп жатады десек, жалған болар еді. Дегенмен, айына 1-2 рет, апталық ұзақтығы бар әлемдік айқастар кездесіп жатады. Қазір өтіп жатқан ірі топ-турниріміз – BLAST Premier Finals.

Бүгінгі матчтардан тамырын басып көретін бәстерді ұсына отырайық:

Vitality – Cloud9

Бұл матчта «бөкеңдер» Vitality-ді фаворит деп санап тұр. Оған себеп – олар қазіргі әлем чемпиондары.   Яки, олар әлемдегі ең мықты команда деген сөз бе?

Мүлдем жоқ. Соңғы әлем чемпионаты рандомның рандомы болды. Vitality – тым тұрақсыз команда, құрамында ең керемет снайпері мен 2-3 нансоғары бар. Оның үстіне осы турнирдің бірінші матчында Imperial-дан ұтылғаны – «Реалдың» «Мальоркаға» жеңілгені секілді :«Бізге түк керек емес»  немесе «Әлі үлгереміз ұтып» дегеніндей. Сосын әлем чемпионы болғаннан кейін формасын ұстап тұру қайда?

Сондықтан:

Cloud9-ның карталар бойынша +1,5 форасы 1,52 кэфін;

Тым тәуекелшілдерге Cloud9-ның жеңісін (2,62 кэф);

Тым ұстамдыларға экспрессіне қосуға 2-картада тотал 24,5-тен көп (1,38 кэф) алуына болады.

Бұл лузерлер матчы, бір рет жеңілгендер. Соңғы шанстары. Яки, әлем чемпиондары осы матчта ұтылып, турнирден ұшып кетеді деп санаймын. Ұтса, әупірімдеп, 2:1-мен ұтар. Cloud9-ның қатарында екі қазақ бар, болысуға тағы бір себеп.

Imperial – G2

Бұл ойында G2 жеңіске жетеді. Жеңілуіне бір ғана себеп бар – «жай ойынды бере салайық, өйткені ұтсақ та, ұтылсақ та, турнирді жалғастырамыз» деген ниет. Яки жеңгені бірден жартылай финалдан бастайды, жеңілгені – ширек финалдан. Сондықтан жай көптеу матч ойнау үшін ғана ұтыла салуы мүмкін. Десе де, бұлай болатынына күмәнім бар, бірақ жеңістің кэф-і тым аздау: 1,25.

Тынышы, көптің бірі ретінде 1-карта тоталы 23,5-тен көп-ті (1,31 кэфті) қоса салу. Imperial 8 раунд ұта алатын шығар. Алайда бұндай бәс тек париматчта бар секілді.

Ендеше 1-карта G2 жеңісі овертаймды есептемегенде – 1,42 кэф.

Тәуекелшілдерге ұсыныс: G2-нің 1-картадағы -3,5 форасы 1,77 кэф; сондай-ақ жалпы карталар бойынша -1,5 форасы (яки дәл есеп 2:0-мен жеңеді).

FaZe – Heroic

Тынышы, тотал 2-картада 24,5-тен көп алар едім. Кім жеңсе о жеңсін деп.

Десе де, тотал карталар саны 2,5-нан көпке дәмді кэф беріп тұр. Екі топ-команда былшырап жүріп, бір-бір картадан ұтады да, үшінші картада жеңімпазды анықтайды.

Осы екі бәсті қарастырып көруге болады.

СompLexity – Astralis

Аутсайдерлер матчы. Ұтылғаны ұшады. Психология шешіп, бұл матчта рандом нәтиже болуы мүмкін.

Astralis кемі бір карта ұтады.

Карталардың кемі бірінде 25,5-тен көп ойнайды.

Басқа пікір жоқ.

Басқа болжамдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button