
Бүгін Астана уақытымен сағат 18:00-де Ролан Гаррос чемпионатының ширек финалында Джокович (3) пен Хачанов (11) кездеседі.
Матч туралы көбірек білу үшін Новак Джокович – Карен Хачанов арасындағы кездесулер тарихына бір қарап шығайық: Новак Джокович пен Карен Хачанов қазірге дейін 11 кездесу өткізген. Новак Джокович 10 кездесуде жеңіске жетсе, Карен Хачанов 1 кездесуде жеңіске жеткен.
Екі спортшы ең сонғы 2022 жылы Францияда кездескен және сол матчта 6:4, 6:1 есебімен Джокович басым келген болатын.
– Джокович соңғы 4 матчта -3,5 форамен жеңіске жеткен.
Хачановтың Джоковичке қиындық тудыратын күші бар, бірақ мұны сабырлылықпен асықпай жүйелі түрде жасауы керек. Өйткені ол тым пассивті ойын стілінде ойнағандықтан ұзағырақ раллилерде агрессияға беріліп, көп қателер жіберуі мүмкін. Ал Джокович болса, ол бұл күндері өзінің ең жақсы қалпында емес болса да, турнирдегі әрбір матчта жақсарып ширек финалға жетті.
Болжамдың қорытындысында, біз Сербия өкілінің жеңісіне толықтай сенеміз. Сондықтан алдағы матч Джоковичтің айқын басымдығымен өтеді деп ойлаймыз.