
Англия Кубогы финалында Манчестер Сити мен Манчестер Юнайтед кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 20:00.
Сити биыл барлық кубокты жеңіп алғысы келеді. Чемпионаттан кейін осы Англия кубогы, келесі аптада Чемпиондар Лигасы. Юнайтед те құр қол жапқысы келмейді биылғы маусымды.
Бүгін екі жақ та бірінші болып есеп ашып, сосын соны ұстауға тырысатын сияқты. Яғни көп гол болмауы мүмкін деген ойдамын. Манчестер Сити келесі аптадағы ЧЛ финалына алаңдауы ғана мүмкін. Сол себепті Юнайтед бірінші болып гол соқпаса, жағдайлары қиын болады. Осындай сценарий болады деп жорамалдаймын. МЮ қорқып жатпай, алдымен өзі бастауы керек. Сондықтан екеуінен де гол күтуге болады.