Футбол
Ақтөбе – Шахтер матчына болжам 03.06.2023

Қазақстан Премьер Лигасында Ақтөбе мен Шахтер кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 21:00.
Ақтөбе көптен күткен өзінің стадионында ойнайды. Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион матчтарды қабылдауға дайын. Ерекше атмосфера болатыны анық, барлық билеттер сатылып кетті.
Шахтер сырт алаңда биыл тек 2 ұпай ғана алды. Ұпайларын тек өз алаңында жинайды. Бүгін Ақтөбеге төтеп беруі қиын. Алаң иелерінде тек Әлібек Қасым жоқ, сары қағаздарына байланысты. Қалғандары түгел, ірі есеппен жеңсе таң қалмаймын.