
УЕФА Еуропа Лигасы финалында Севилья мен Рома кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 01:00.
Командалардың ықтимал құрамдары:
Севилья: Буну, Теллес, Баде, Гудель, Навас, Фернандо, Ракитич, Хиль, Торрес, Окампос,Эн-Нессери
Рома: Патрисиу, Ибаньес, Кристанте, Манчини, Спинаццола, Бове, Матич, Вейналдум, Челик, Дибала, Абрахам
Бұл финалда нақты фаворитты атау қиын. Екеуі де тең деуге болады. Севильяның ЕЛ финалы статистикасы сұмдық екенін білесіз. Негізі тек осы ғана сияқты басты аргумент. Ойын бойынша Рома әлдеқайда жақсы дер едім. Одан бөлек Ромада Моуриньо факторы бар. Сондықтан мен үшін фаворит – Рома. Бірақ, нәтижеге бәс тігу қауіпті. Негізгі уақыт 1-1 тең аяқталып, ойын тағдыры экстратайм мен пенальтиде шешілуі де ғажап емес. Ең дұрысы – статистикаларға бәс тігу.
Севилья жаңа бапкері келгеннен бері бұрыштама көп теуіп жүр. Меніңше бүгін алғашқы голды Рома соғады, соқпаса да ойынды құрғататын сол жақ болады. Севилья сондай кезде жиі шабуылдайды, корнерлер бойынша фаворит болып отырғаны да содан. Өзінің орташа есеппен тебетін 6 бұрыштамасын теуіп тастайды.
Севилья бұрыштама 5.5 көп – 1.90
Севилья көп фол жасайтын командалардың да бірі. Биылғы маусымда орташа есеппен 14 фол жасады, ал соңғы 10 матчын қарасақ, бұл көрсеткіш 15. Ювентуспен жартылай финалдағы екі матчта 16, 17 фол жасады. Бүгін ұсақ фолдар көп болады. Севилья өзіне берілген тоталды шығара алады.
Севилья фолдар 14.5 көп – 1.63
Финал болғандықтан екі жақ та қате жібермеуге тырысып, барынша мұқият ойнайды. Қарсыласты офсайдта ұстауға тырысады. Букмекерлер офсайд тоталын 2.5 деп белгілепті. Рома көбірек офсайдқа түседі деп ойлайды. Бірақ Севильяның маусым бойғы орташа офсайды әр ойында 2.8 екен. Бұл ойында офсайдтар көп болады деген ойдамын.
Офсайдтар 2.5 көп – 1.55