Футбол
Сивасспор — Коньяспор матчына болжам 29.05.2023

Түркия Суперлигасында Сивасспор өз алаңында Коньяспор командасын қабылдайды. Матчтың басталуы Астана уақытымен 23:00.
Сивасспор қауіпті аймақтан қашу үшін өз алаңындағы бұл матчты қалай да жеңіп, еркін тыныстауы керек. Команданың ойыны жақсы, бірақ үнемі бір нәрсе жетіспей жүр. Қазіргі орнына лайық емес. Сондықтан бүгін фаворит көрсетіліп отыр.
Конья да жақсы команда, бірақ биыл жоғары орындарға таластан шығып қалды. Соңғы сырт алаңдағы 10 матчтың 8-де гол соқты. Бүгін екі жақтан да гол шығатын матч.