
Ағылшын Премьер Лигасында Брайтон өз алаңында Манчестер Сити командасын қабылдайды. Матчтың басталуы Астана уақытымен 01:00.
Қос команда да биылғы мақсаттарын максимум орындады. Сити чемпион атанды, Брайтон алғаш рет Еуропа Лигасында ойнайды. Бүгін қосалқы құрамдармен шығуы мүмкін. Ешқандай стрессіз, еркін ойын болады.
Брайтон соңғы 10 мачында гол соғып келе жатыр, сол серия бүгін де жалғасады. Сити де өзінің голын соғады. Сол себепті ең дұрыс вариант екеуінің де голдарын алу.