
Чемпиондар Лигасы жартылай финалында Манчестер Сити мен Реал Мадрид кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 01:00.
Командалардың ықтимал құрамы:
«Манчестер Сити»: Эдерсон; Уокер, Диаш, Аканджи; Стоунз, Родри; Сильва, Гюндоган, Де Брюйне, Грилиш; Холанд.
«Реал»: Куртуа; Карвахаль, Милитао, Рюдигер, Алаба; Кроос, Камавинга, Модрич; Вальверде, Бензема, Винисиус.
Алғашқы матчта ештеңе шешілмесе де, букмекерлер Ситидің өтетініне 1.25, негізгі уақытта жеңуіне 1.57 беріп отыр. Реал АПЛ командасы емес қой, тым асыра бағаланып отырған сияқты ағылшындардың мүмкіндігі.
Реалға ЧЛда қайда ойнаса да бәрібір, бұл турнирде бөлек ойнайды. Бүгін де соны көрсетеді. Алдыңғы матчта Холандты қалай байлап тастауға болатынын көрсетті. Бүгін екі жақтың да бапкерлері шахмат ойнайды. Холандты әдейі байлануға беріп тағы, жасырын форвард тактикасы да қолданылуы мүмкін. Анчелотти да түрлі қулық біледі. Яғни, ойынды бапкерлердің нұсқаулары шешеді.
Доппен көбіне Ман Сити ойнап, Реал Мадрид контршабуылдардан гол соғуға тырысады деп күтеді көпшілік. Бірақ, мұндай тактика болмай қалуы да мүмкін ғой. Керісінше ойынның басынан Реал қатаң пресссинг және шабуыл жасаса?
Күтпеген пенальти немесе қызыл қағаз болмаса, жалпы тең ойын күтемін. Гол да көп болмауы мүмкін. Ойын тағдыры 90 минутта шешілмейді деген оймен Реал Х2 деген бәс ұнап тұр.