
Түркия Суперлигасында Фатих Карагюмрюк өз алаңында Адана Демирспор командасын қабылдайды. Матчтың басталуы Астана уақытымен 23:00.
Екі команда да биылғы мақсаттарына жетіп болды. Енді турнир кестесінде пәлендей өзгеріс болмайды. Адана соңғы 5 матч бойы жеңіп келе жатыр. Бірақ, бәрібір 3-орындағы Бешикташты қуып жетуі қиын.
Екі команда да чемпионаттағы көп гол соғатын командалардан. 31 матчта 66 голдан соққан. Әр матчтың тоталы шамамен 3.5 гол. бүгін букмекерлер де сондай тотал ұсынуы заңды. Екі жақтан да голдармен тотал ұрылады. Екеуіне де ештеңе керек емес, жабық ойын болады деп ойламаймын.