Футбол
Тренд

Реал Мадрид — Манчестер Сити матчына болжам 09.05.2023

Чемпиондар Лигасы жартылай финалында Реал Мадрид өз алаңында Манчестер Ситиді қабылдайды. Матчтың басталуы Астана уақытымен 01:00.

Командалардың ықтимал құрамы:

«Реал Мадрид»: Куртуа, Карвахаль, Рюдигер, Алаба, Камавинга, Вальверде, Кроос, Модрич, Родриго, Бензема, Винисиус.

«Манчестер Сити»: Эдерсон, Уокер, Диас, Аканжи, Стоунз, Родри, Сильва, Де Брюйне, Гюндоган, Грилиш, Холланд.

Голдарға болжам:

Букмекерлер алаң иелерін емес, қонақтарды фаворит қылып отыр. Командалардың қазіргі формасына қараған болар. Былтыр да Реал фаворит саналмағанын білесіздер және соңы қалай болғанын. Бұл Чемпиондар Лигасы. Реал бұл турнирде басқаша ойнайды. Және тур тағдыры бірінші матчта шешілмейді. Екеуі де бастапқыда қорқасоқтап ойнайды деген пікірдемін. Алдымен бір бірін түрткілеп, барлап көрер. Екінші таймда екі жақтан да голдар шығады. Реал өз алаңында соңғы 20 матчтың 18-де гол соққан, Ситиде монстр Холланд мүмкіндіктерді жібермейді. Бұл матчта нәтижеге тіккенше, голдарға, яғни екеуі де соғады деген бәс дұрысырақ.
Екеуі де соғады: 1.65

Бұрыштамалар

Реалдың өз алаңында ғана емес, жалпы бұрыштама көрсеткіші жоғары. Манчестер Сити де көп шабуылдайтын команда ретінде бұл жағынан мықты. Бүгін екеуі де қанаттан көп шабуылдайды. Жатып алатын ойын емес. Сондықтан Реал өзіне берілген 4 бұрыштаманы шығарады деп сенемін, Сити 5-6 тебетін болса, жалпы 8.5 көп алуға болады.
Тотал 8.5 көп: 1.60

Офсайдтар

Алғашқы матч болғандықтан командалар қорғаныста мұқият болып, бір бірінің қателерін аңдиды. Асығыс шабуылдар көп болуы әбден мүмкін. Орташа есеппен 2-ден көп офсайдқа түсетін Реал бүгін де бұл көрсеткіш бойынша фаворит. Командалардың былтырғы екі кездесуінде де екі жақтан офсайдтар көп болды. Бүгін де болады.
Тотал 3.5 көп: 1.73

 

Басқа болжамдар

Пікір үстеу

Back to top button