Футбол

7-тур несімен есте қалады?

Қазақстан чемпионатының 7-тур ойындары басталды. Бүгін «Қызылжар» мен «Каспий» кездесуімен шымылдырығы түріледі.

Қазақстан премьер-лигасының кезекті турында көшбасшы «Қызылжар» ақтаулық ұжымды қабылдайды. Көбінесе 1:0 деген есепті жақсы көретін алаң иелері дәл сол есепті бүгін де басты назарда ұстайтын секілді. Үш ойын қатарынан гол салған Пернамбуку бүгін де гол салса онда Козлов, Самородов, Шушеначевтерден де асып түсіп, 4 матч қатарынан гол салған футболшы болады. Әли Әлиевтің командасы жергілікті жанкүйердің қолдауымен басым түседі деп отырмыз. Бапкер ауыстырған «Каспийдің» ойыны әлі қалыптаса қоймады.

Бүгінгі ойын күніне жоспарланған екінші матч «Мақтаарал» мен «Жетісу» кездесуі. Кезінде бірге футбол ойнаған Құлшынбаев пен Горовенконың командалары кездеседі. Қазақстан ұлттық құрамасында екеуі тізе қосып қорғаныста ойнаған. Бірі ортада, бірі қапрталда. Жасыл алаңда бұл кісілер бір-бірін жақсы түсінетін еді. Енді алаңда не болмақ? Матчта анық фаворит жоқ. Десе де, кездесуде гол көп болмайды. Екі қорғаушының командалары ары кетсе 2 гол салар. Одан артыққа бара қоймас.

Ертең «Оқжетпес» пен «Шахтер» ойнайды. Елордалық «Оқжетпес» «Астана Аренада» қарағандылықтарды қабылдап, кезекті ұпайын алғысы келеді. Алайда, соңғы кездері «Шахтер» бабына еніп алды. Кубок кездесуінде «кеншілер» «Оқжетпестен» 1:0 басым түсті. Бұл жолы енді терезесі тең ойын күтеміз.

«Тобыл» мен «Ақтөбе» матчы осы турдың көркі болары анық. «Тобыл» да, «Ақтөбеде» голдар салып, екі тараптың жанкүйерлері де қуанады деген ойдамыз. Ашық ойын өрбіп, көременнің айызын қандырады деп ойлап отырмыз.

Ал «Атырау» осы турда «Ақсуды» қабылдайды. «Ақсудың» негізгі ойыншысы Тони Сильва жарақат алып қалыпты. Демек, «Атырау» бұл ойында жеңіске жетеді деген сөз.

«Қайрат» – «Ордабасы» кездесуі де көпшілікті таңқалдырары анық. Чемпиондыққа таласатын екі команданың тәбеті ашық, әрбір ұпайға ашкөздікпен қарайды. Алайда, жергілікті жастар, тәжірибиелі «Ордаға» төтеп бере қоймас.

Ал «Қайсар» – «Астана» ойынында бәрі анық. Алаң иелері оп-оңай жеңіліп қалады. «Астанаға» себебі 3 ұпай қажет.

Басқа болжамдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button