
«Севилья» Олд Траффордтағы алғашқы ойында 2:2 есебімен тең түсті. Матч соңындағы керемет камбэк арқылы Испанияға үмітпен оралған еді. Хосе Луис Мендилибар қызметіне кіріскеннен кейін 4 матчта жеңілген жоқ.
«Манчестер Юнайтед» турдың фавориттері, бірақ бірінші матчта 2:0 есебімен алға шыққанымен, басымдығын сақтай алмады. Эрик тен Хагтың командасы үшін жеңіске жетуден басқа амалы жоқ. Олар Еуропа лигасының фавориттері ретінде де көрсетілді.
МЮ алғашқы матчтағы нәтиже кездейсоқтық екенін көрсету үшін негізгі уақытта жеңіске жетуі керек. Ал, Севилья Еуропа Лигасы өзінің кубогы екенін дәлелдей ала ма?
Қиын матч болады. Негізгі уақытта Севилья жеңілмейді