Бәс сатып байығандар – Интернетте алаяқтарға ұрынып қалмаңыз

Букмекерлік кеңселердің дамығанын білесіздер. Қазір, тек спорт емес саяси оқиғаның өзіне де бәс тігуге болады. «Украинаның президенті кім болады?», «Шабуылшы Суарес енді кімді тістеуі мүмкін?», «Ұлыбритания ханшайымы ұл босана ма, жоқ қыз босана ма?» деген секілді бәстер де жүр. Осы жаздағы Әлем чемпионатында Криштиану Роналдуға байланысты қызықты бәс шықты. «Португалия құрамасы жарыстан шығып қалып, Роналду көзіне жас ала ма?» деген бәске қызығып қомақты ақша тіккендер қаншама. Көбісі Криштиану көзіне жас алады деп қойды.
Бірақ, Роналду сезімге ерік бермеді де, көп адамды ұтыссыз қалдырды. Енді кең белең алған болжам сатушылаға тоқталсақ. «Біз күні-түні жер шарында өтіп жатқан барлық жарысты сараптаймыз. Болжамдарымыз 90 пайыз дәл келеді. Болжам сатып алып, байлыққа кенеліңіз!» деген жарнаманы Сіз міндетті түрде көргенсіз. Себебі, олар әлгі айтып өткен әлеуметтік желілердің бәрінде бар.
Бұл жүйенің құрылымы қалай екеніне тоқтассақ. Негізі мұнда аса қатты ойлап табатын түк те жоқ. Мысалы, алаяқ адамдар бір желіде парақша ашады. Алғашқыда оқырман жинау үшін қызықты ақпараттар салып, тегін болжамдар бере бастайды. Кейіннен оқырмандардың қызығушылығы артқан кезде бұл болжамдар ақылы болады. Теннис деген спортта тең деген нәтиже жоқ. Яки біреуі жеңіп, біреуі жеңілуі тиіс. Демек, алдағы келе жатқан Джокович пен Надаль арасындағы теннис ойынына сенімді болжам бар екенін айтып жарнама жасайды. Шамамен 200 адам болжам сатып алғысы келді дейік. Осы санды теңдей екіге бөледі де, 100 адамға Джокович жеңеді деп болжам айтады. Олардан қалған 100 адамға керісінше Надаль жеңеді дейді. Сіз болжам сатып алатын болсаңыз, осы екі категорияның біріне жатасыз. Теннис кездесуі өті делік, екеуінің бірі жеңіске жетті. 100 адам ұтысқа кенеліп, 100 адам ақшасынан айырылды. Ұтылғандар аноним парақшаны қарғап-сілеп, енді жоламайтын болады да, ұтысқа кенелгендер жеңісімен мақатана жүріп, қасына достарын ертіп сол парақшаға тағы да жүгіне бастайды.
Мінекей, осындай айналмалы жүйені Қазақстанда да жасап отырған ресейлік алаяқтар бар. Сондықтан да, бұл салаға мейлінше жоламағандарыңыз дұрыс!