
Манчестер Сити – Бавария матчындағы болжамды құрамдар:
Манчестер Сити (4-2-3-1): Эдерсон – Диас, Стоунз, Аканджи, Уокер – Гундоган, Родри – Де Гриалиш, Де Брюйне, Махрез – Холанд
Ойнамайтындар: Менди
Бавария (4-1-4-1): Соммер – Канселу, Павард, де Лихт, Дэвис – Киммих – Мане, Мусиала, Мюллер, Сане – Гнабри
Ойнамайтындар: Нойер, Эрнандес (екеуі де жарақат)
Бұл ойында фаворитті анық көріп тұрмын.
«Бавария» бапкер ауыстырды. Нагельсманның орнына Тухель келді. Томас келе салып жағдайды күшейтеді дегенге сену қиын. Ол ұзақ жобалар дайындайтын маман. Десе де, «Бавария» секілді команданы несіне баптайды, онсызда дайын тұр ғой десеңіздер де болады. «Фрайбургке» есе жіберіп қойған командадан көп нәрсе күтуге болады.
Ал «Сити» қазір нағыз бабында. Соңғы турда олар «Саутгемптонның» саутамдығын қалдырмады. Холланд 2 гол салды. Тіпті Хульен Альваресте көзге түсті. Сондықтан да, Англияда өтетін матчта «Манчестер Сити» жеңіске жетеді. Біздің болжам осы.
Ермұхамед Мәулен